- Толығырақ
- Автор: Администрация
🔹ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫ ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ
23.09.2024 жылдан бастап Ұлытау облысында 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация және 12,13 жастағы қыздарға иммундау басталды. АПВ вакцинасы Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. Вакцинация екі кезеңде 11 және 11,5 жастағы қыздарға тегін негізде ОДА, емхананың егу кабинеттерінде, дәрігер қарап, тексеруден өткеннен кейін, ата-анасының жазбаша келісімімен жүргізіледі. Егуден кейін бала вакцинациядан кейінгі реакцияны бақылау үшін медицина мекемесінде 30 минут болады.
🔹Қазіргі уақытта АҚШ-та жасалған "Гардасил" вакцинасы қолданылады — бұл АПВ-ның 4 түрінен қорғайтын 4 валентті вакцина. Бүгінгі күнге облыс бойынша 63 қыз бала егілді.
🔹АПВ вакцинасының қарсы көрсетілімдері кез-келген басқа вакцинациямен бірдей: тоғыз жасқа дейін, вакцинаның кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық, ауыр безгекті жағдай.
🔹Жағымсыз реакциялар бар және бұл құпия ақпарат емес. Тәуекел мен келетін пайда әрқашан бағаланады. Бұл жағдайда пайда тәуекелдерден едәуір асып түседі.
Вакцинаны енгізгеннен кейін, кейбір жағдайларда жергілікті және жалпы реакциялар дамуы мүмкін. Жүргізілген клиникалық зерттеулерге сәйкес, бас ауруы, температураның жоғарылауы, қызару, ісіну, вакцина енгізілген жерде ауырсыну сияқты жағымсыз құбылыстар шамамен 1% жиілікте болады. Сирек жағдайда - бас айналу, жүрек айну, аяқ-қолдың ауыруы, қышу, вакцина енгізілген жерде гематома пайда болуы орын алады.
🔹Жатыр мойны обырының дамуы әйелдердің АПВ инфекциясына байланысты екендігі ғылыми дәлелденген. Қазақстанда онкопатология құрылымында әйелдер арасында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Бүгінгі таңда иммундау еліміздің халық денсаулығын сақтау саласындағы ұлттық саясатының маңызды бөлігі болып табылады.
🔹Айта кету керек, АПВ вакцинасы 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанда қолданылады. Бұл вакцинацияны жүргізу Қазақстанда жатыр мойны обырымен сырқаттанушылықты 74,2% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.
📌📌📌 Вакцина арқылы қорғануға болатын жалғыз онкологиялық ауру - ол жатыр мойны обыры.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
👩⚕️Адам папиллома вирусы – дененің әртүрлі бөліктерінің терісі мен шырышты қабаттарын зақымдайтын вирустар тобы. АПВ-нің 200-ден астам түрі бар, олардың 14 түрінде онкологияның (қатерлі ісік) даму қаупі жоғары.
📌Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырына шалдыққан әйелдердің 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі.
👩⚕️👨⚕️Жатыр мойны обырының алдын алудың жалғыз тиімді және қауіпсіз әдісі вакцинация. АПВ-ға қарсы вакцинасы әйелдерді осы аурудан қорғайды. АПВ-ға қарсы вакцинациялау туралы шешім қабылдау арқылы біз әйелдерді болашақта қатерлі ісіктен қорғаймыз.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина әйелдердің репродуктивтік функциясына әсер етпейді және бедеулікті тудырмайды, бұл әлемнің дамыған елдеріндегі көптеген жылдар бойы жүргізілген клиникалық зерттеулерден дәлелденді.
Бұл бірде-бір клиникалық дәлелденген фактісі жоқ қоғамда белсенді түрде таратылған жалпы қате түсініктердің бірі.
Шын мәнінде, АПВ-дан вакцина әйелдерді жатыр мойны обырынан сақтайды, өйткені обыралды өзгерістер кезеңіндегі хирургиялық араласулар әйелдерде жүктіліктің басталуын қиындатуы мүмкін. Жатыр мойны обырын емдеу әйелдің бала туу мүмкіндігінен айырылуына әкеледі.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
19 сентября 2024 г в Гимназии имени Сакена Сейфуллина г.Сатпаев было проведено родительское собрание. На котором провели беседу о важности и пользы вакцинации против вируса папилломы человека (ВПЧ). Спикером выступила гинеколог КГП на ПХВ «Поликлиники г.Сатпаев» Жангабулова Майра Мукажановна.
Родители получили ответы на все волнующие их вопросы.
#ВАКЦИНАЛАРДЫҢЖҰМЫСЫ
#БАЛАЛАРДЫҚОРҒАҢЫЗ
#ВАКЦИНЫРАБОТАЮТ
#ЗАЩИТИМНАШИХДЕТЕЙ
- Толығырақ
- Автор: Администрация
ЕСІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ:
- Сізге қоңырау шалған банк қызметкері
- Сізге қоңырау шалған КНБ, Полиция, Прокуратура немесе Президент аппаратының қызметкері
- Сізді «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС немесе КМС, Смелтинг, Барлау, Мэйкер секілді ұйымдарға жұмысқа орналастырамын деп ақша сұраған адам
- Инстаграм, Телеграм және Ватсапп мэссенджерлерінде медициналық сақтандыру және зейнетақы қорынан ақша шешіп беремін деп уәде берген тұлғалар
- Ұялы телефоныңызға Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін қосымшаларды орнатуды ұсынатын адам