+7 (71063) 7-99-66

Ендеше, бірге талдап көрейік! Себебі қазақстандықтардың көбі әлі күнге дейін бұл жүйенің қыр-сырын білмейді, ал сапалы ем алуға әрқайсымыздың құқығымыз бар.

МӘМС аясында қызметтердің кең спектрі, атап айтар болсақ, салалық мамандардың қабылдауы, жоғары технологиялық қымбат операциялар қолжетімді. Бұдан бөлек, МӘМС бойынша қандай қызметтерді алуға болатынын білгіңіз келе ме? Күрделі операцияларға жолдаманы қалай алуға болады? Шетелде кімдер емделе алады? Қандай дәрі-дәрмектерді тегін алуға болады? Медициналық қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса, қайда шағымдану керек? Қалай МӘМС жүйесіне қатысып, артық шығын шығармауға болады?

Біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп арнайы жобаны іске қостық. Онда сіздер үшін пайдалы ақпарат жиналған. Бұл жоба Tengrinews сайтында «Арнайы жобалар» бөлімінде жарияланды.

@msqory_kz

Бұл пост “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ қолдауымен дайындалды

IMG_20241203_124300.jpg

Медициналық оңалту – МӘМС пакетінде ең сұранысқа ие әрі қымбат қызметтердің бірі. МӘМС енгізілгеннен бері оңалтуды қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2019 жылы бұл бағытқа небәрі 6 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы 81 млрд теңге қарастырылған.

Пациенттер медициналық оңалтудан қай кезде өту керек:

- инсульт сияқты өткір жағдайлардан кейін;
- жарақаттан кейін;
- кардиологиялық және кардиохирургиялық операциялардан кейін;
- созылмалы ауруларды емдеу курсынан кейін.

Балаларға арналған оңалту қызметтері нені қамтиды:

- тірек-қимыл аппаратының туа біткен аурулары барларға көмек;
- церебралды сал ауруы бар балаларға көмек;
- басқа да медициналық жағдайларға байланысты оңалту шаралары.

❗️Егер сізге медициналық оңалту қажет болса, өз емханаңызға жүгініңіз. Оңалту курсын тағайындау реабилитолог немесе көпсалалы комиссия тарапынан тиісті көрсеткіштер болған жағдайда жүзеге асырылады.
#мәмсҰлытау
#фсмсҰлытау
@msqory_ulytau





IMG-20241129-WA0022.jpg

darger-kenesi.jpg

антибиотиктер.jpgIMG_20241122_141820.jpgIMG_20241122_142120.jpg

Босануға дайындау мектебі және қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз ету

 

IMG_20241122_124742.jpg

Көктем мен күз айларында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалына бұл сұрақты жолдап, кеңес алуға жүгінетіндер көп. Ендеше, жауапты бірге іздеп көрейік.

Мерзімді әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар жеңілдік санатына жатады, яғни олар үшін МӘМС жарнасын мемлекет төлейді.
Жұмыс істеп жүріп, әскерге кеткен азаматтар жарналар мен аударымдарды төлемеуі және олар үшін қарыз жиналмауы керек.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде сарбаздардың мәліметтерін «Адамдарды арнайы есепке алу» ақпараттық жүйесінен алады. Олар бойынша деректерді әскери бөлімдердің, әскери басқару органдарының қызметкерлері енгізеді. Қор жүйесінде сарбаздың ЖСН-ы шыққан соң ол автоматты түрде сақтандырылған мәртебесін алады.
Егер қандай да бір себептермен мәліметтер уақытылы жіберілмей қалса, берешек пайда болады. Бұл жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының атына берешекті жою туралы өтініш жазып, әскери билеттің сканерленген нұсқасын тіркеп Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық мекен-жайына жіберу керек.
Егер әскерде борышын өтеп жүрген азамат үшін жарна төленсе, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы қате төленген жарналарды қайтаруға өтініш бере алады.

Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгініңіз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:
- fms.kz ресми сайты
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- Telegramдағы SaqtandyryBot
- 1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

IMG-20241115-WA0015.jpg

IMG-20241115-WA0000.jpgIMG-20241115-WA0009.jpgIMG-20241115-WA0010.jpgIMG-20241115-WA0011.jpgIMG-20241115-WA0012.jpgIMG-20241115-WA0013.jpgIMG-20241115-WA0014.jpg

 


@msqory_ulytau
#мәмсҰлытау