- Толығырақ
- Автор: Администрация
Құқық қорғау органдарының өкілдері емхана қызметкерлеріне қазіргі кезде жиі кездесетін интернетттік алаяқтық жөнінде және олармен күресу жолдары туралы мағлұмат берді.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз емханаңыздағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет.
Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра аласыз:
* Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
* msqory.kz ресми сайты
* Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
Немесе @msqory_ulytau парақшасына хабарлама жазуға брлады!
#мәмсҰлытау
#фсмсҰлытау
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні, көктемгі жаңарудың, ырыс пен ынтымақтың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс және ізгі бастамаларыңызға табыс тілейміз!
Көктемнің шуақты әз-Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, баянды бақыт пен бақ-береке әкелсін!
Ұлыс оң, ақ мол болып, жыл берекелі болсын!
Ізгі ниетпен,
ШЖҚ КМК»Сәтбаев қаласының емханасы»
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Наурыз мейрамына орай "Senim" денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік одағының Ұлытау облысы бойынша филиалы 2025 жылғы 15 наурызда Жезқазған қаласында волейболдан турнир өткізді.
Мәлімделген 5 команда арасында І орынды - Жаңаарқа аудандық орталық көпсалалы ауруханасының, ІІ орынды – Сәтбаев қаласы ауруханасының, ІІІ орынды – Сәтбаев қаласы емханасының командалары жеңіп алды. Турнир жүлдегерлері грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды, сондай-ақ қатысушы командаларға жұбаныш сыйлықтары табысталды.
Кәсіподақ ұйымы қолдау көрсеткені үшін, "Республика" партиясының төрағасы Светлана Оңғарбаеваға және турнирдің идеялық шабыттандырушысы - Сәтбаев қаласы емханасының директоры Елдос Мұхамбетшинге алғысын білдірді.
Турнирге облыстың медициналық ұйымдарының дәрігерлері, медбикелері, техникалық қызметкерлері жиналды. Олардың барлығы денсаулыққа пайдалы уақыт өткізуге, сондай - ақ, ұжымдық рухты нығайтуға шықты.
Осындай мүмкіндік берген "Senim"медицина қызметкерлері кәсіподағына үлкен рахмет💐
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Спикер: врач педиатр Тілеуқабылова Еңілік Асқарқызы