- Толығырақ
- Автор: Администрация
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.
Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.
Тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР орташа айлық жалақысы 364 295 теңгені құрады.
Осылайша, 2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады:
- Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;
- Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;
- Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;
- Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
- Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);
- Дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
- Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге.
💳 МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады. #мәмсҰлытау
#фсмсҰлытау
@msqory_ulytau
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облысы бойынша филиалы «МСАК көшбасшысы» конкурсын қорытындылады. Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты шара Жезқазған медициналық орталығының конференц-залында өтті.
2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында өткен облыстық конкурсқа Ұлытау облысы аумағындағы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 16 медициналық ұйымның 9-ы қатысты. Олар үш ай бойы 5 бағыт бойынша сынға түсті. Атап айтар болсақ, емханаларға шағымдарды азайту, сақтандырылған азаматтардың қатарын көбейту, МӘМС жүйесін танымалдылығын арттыру, Д есепте тұрған пациенттердің шұғыл медициналық көмекке жүгіну көрсеткішін төмендету, пациенттердің оң көзқарасына ие болу міндеті қойылды.
Осы талаптар үдесінен шығып, жеңіске жеткендерді филиал директорының орынбасары Абылайхан Рахымов, Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Бейсембаев және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Балшекер Ермағамбетова құттықтап, марапаттады.
Конкурстың қорытындысы бойынша Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық ауруханасы Ұлытау облысы бойынша «МСАК көшбасшысы» атанды. Жүлделі ІІ орынды Сәтбаев қаласының емханасы жеңіп алса, ІІІ орынды «Макенбаева» ЖШС еншіледі.
Жиын соңында конкурсқа демеушілік жасаған «SENIM» салалық кәсіподағының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Балшекер Ермағамбетоваға Филиалдың Алғыс хаты тапсырылды.
Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның және Жезқазған жоғары медициналық колледждің өнерпаздары салтанатты шараның шырайын кіргізді.
Диана ОРАЗАЛИНА
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Ендеше, бірге талдап көрейік! Себебі қазақстандықтардың көбі әлі күнге дейін бұл жүйенің қыр-сырын білмейді, ал сапалы ем алуға әрқайсымыздың құқығымыз бар.
МӘМС аясында қызметтердің кең спектрі, атап айтар болсақ, салалық мамандардың қабылдауы, жоғары технологиялық қымбат операциялар қолжетімді. Бұдан бөлек, МӘМС бойынша қандай қызметтерді алуға болатынын білгіңіз келе ме? Күрделі операцияларға жолдаманы қалай алуға болады? Шетелде кімдер емделе алады? Қандай дәрі-дәрмектерді тегін алуға болады? Медициналық қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса, қайда шағымдану керек? Қалай МӘМС жүйесіне қатысып, артық шығын шығармауға болады?
Біз Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп арнайы жобаны іске қостық. Онда сіздер үшін пайдалы ақпарат жиналған. Бұл жоба Tengrinews сайтында «Арнайы жобалар» бөлімінде жарияланды.
@msqory_kz
Бұл пост “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ қолдауымен дайындалды
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Медициналық оңалту – МӘМС пакетінде ең сұранысқа ие әрі қымбат қызметтердің бірі. МӘМС енгізілгеннен бері оңалтуды қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Мысалы, 2019 жылы бұл бағытқа небәрі 6 млрд теңге бөлінсе, 2024 жылы 81 млрд теңге қарастырылған.
Пациенттер медициналық оңалтудан қай кезде өту керек:
- инсульт сияқты өткір жағдайлардан кейін;
- жарақаттан кейін;
- кардиологиялық және кардиохирургиялық операциялардан кейін;
- созылмалы ауруларды емдеу курсынан кейін.
Балаларға арналған оңалту қызметтері нені қамтиды:
- тірек-қимыл аппаратының туа біткен аурулары барларға көмек;
- церебралды сал ауруы бар балаларға көмек;
- басқа да медициналық жағдайларға байланысты оңалту шаралары.
❗️Егер сізге медициналық оңалту қажет болса, өз емханаңызға жүгініңіз. Оңалту курсын тағайындау реабилитолог немесе көпсалалы комиссия тарапынан тиісті көрсеткіштер болған жағдайда жүзеге асырылады.
#мәмсҰлытау
#фсмсҰлытау
@msqory_ulytau
- Толығырақ
- Автор: Администрация