- Толығырақ
- Автор: Администрация
Спикер:Тілеуқабылова Еңілік Асқарқызы педиатр дәрігері
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Спикер: Тілеуқабылова Еңілік Асқарқызы педиатр дәрігері
- Толығырақ
- Автор: Администрация
💳Қазақстанда вирустық гепатиттермен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С гепатиттерін анықтауға толық скрининг жүргізу жоспарлануда.
💻В және С вирустық гепатиттерімен инфекцияны ерте анықтау жөніндегі пилоттық бағдарламаны іске асыру қорытындылары, сондай-ақ елдегі сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыру жөніндегі одан арғы қадамдар Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың ауруларды талдау орталығы (CDAF) қорының директоры доктор Хоми Разавимен кездесуі барысында талқыланды.
🔘ДДҰ-ның 2030 жылға дейінгі вирустық гепатиттерді жою бағдарламасының негізгі және маңызды мақсаттарының бірі – оларды уақтылы диагностикалау болып табылады.
🪙В және С вирустық гепатиттері негізінен жасырын (асимптоматикалық) болғандықтан, 65% жағдайда олар цирроздың немесе бауыр обырының дамуымен аяқталады, бұл өз кезегінде жұқтырған халықтың өліміне және мүгедектігіне әкеледі. Сондықтан инфекция тасымалдаушыларын ерте сатысында анықтауды және емдеуді қамтамасыз ету маңызды, өйткені олар айналасындағылар үшін вирустық гепатит көзі болып табылады.
✅Пилоттық бағдарламаның нәтижелері бойынша Қазақстанда тиімді диагностикалық шешімдердің көмегімен 18 жастан асқан адамдардың арасында В және С вирустық гепатиттерін анықтауға арналған жалпы скринингті бастау туралы шешім қабылданды.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Тегін медицианлық көмектің кепілдендірілген көлемі – бастапқы және шұғыл медициналық көмек. Ол үшін өз қалтаңыздан төлем жасаудың қажеті жоқ. Себебі МӘМС жүйесіне қатысқаныңызға қарамастан, Сізге мемлекет кепілдік береді.
Бұл пакетке:
- паллиативті көмек
- туберкулез кезіндегі медициналық оңалту
- Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді
Диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кіреді
- созылмалы әрі әлеуметтік маңызы бар және Д-есепте тұрған аурулары бар
Пациенттерді диспансерлік бақылау, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
- Инфекциялық және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын
Пациенттерді емдеу кіреді.
МӘМС – медициналық көмектің кеңейтілген пакетіне қол жеткізетін әлеуметтік медициналық сақтандыру. Пакетіндегі медициналық көмектің көлемі төлем жасаушының кірісіне немесе жүйеге төленетін жарналардың мөлшеріне байланысты емес.
МӘМС – бұл:
- салалық мамандардың кеңестері
- диагностикалық тексерулер
- амбулаториялық деңгейде емдеу
- күндізгі және тәулік бойғы стационарларда емделу
- қымбат тұратын медициналық қызметтер
- медициналық оңалту
- дәрі-дәрмекпен қамту
МӘМС көмегімен өз мүмкіндігіңізді кеңейтіңіз!
МӘМС жайлы толығырақ @msqory_ulytau парақшасынан оқи аласыздар. Жазылыңыздар!
#мәмсҰлытау
#фсмсҰлытау
- Толығырақ
- Автор: Администрация
МӘМС-ке ай сайын төлем жасап келген азамат жұмыссыз қалса немесе кенеттен төлем жасай алмаса, оның сақтандырылған мәртебесі 3 ай бойы сақталады. Ол осы аралықта емханаға барып, медициналық көрсеткіштері болса, кез келген қызмет түріне қол жеткізе алады.
Әрі қарай бұл азамат осы үш ай ішінде немесе кейін ресми жұмысқа орналасса, жұмыс беруші аударымдар мен жарналарды төлей береді.
Ал төленбей қалған сол 3 айдың жарнасын сақтандыру мәртебесінен айрылмау үшін өзі дербес төлеуші ретінде төлеуі керек. Себебі МӘМС аясында медициналық қызмет алу үшін әр азаматтың 12 айға төлемі болу керек.
Бұл оқуын тәмәмдаған студенттерге, жеке кәсібін тоқтатқан азаматтарға да қатысты. Олар сақтандыру мәртебесінен айрылып қалмау үшін, ресми жұмысқа тұрғанша ай сайын дербес төлеуші ретінде төлей алады.
Бұдан бөлек, жұмыссыздар мен сақтандыру мәртебесі жоқ азаматтарды дәрігерлер қарамайды деген жаңсақ пікір. Себебі олар еш жерде жұмыс істемесе, тұрғылықты жері бойынша «Еңбек мобильдігі орталығына» барып жұмыссыз ретінде тіркеле алады. Бұл оларға мемлекет төлем жасайтын 15 жеңілдік санатына енуге мүмкіндік береді.
Нәтижесінде, олар медициналық көрсеткіштері болса, МӘМС аясында барлық дерлік медициналық қызметтерді ала алады.
#мәмсҰлытау
#фсмсҰлытау
@msqory_ulytau
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады – 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.
Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады – сәйкесінше 3% және 2%.
Тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді – 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді – орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР орташа айлық жалақысы 364 295 теңгені құрады.
Осылайша, 2025 жылы МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады:
- Жұмыс берушілердің жарналары – қызметкердің табысынан 3%;
- Жұмысшылардың жарналары – табыстың 2%-ы;
- Біржолғы төлем төлеушілер – жалақы қорынан 23,8%;
- Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2%-ы;
- Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);
- Дербес төлеушілердің жарналары – 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
- Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар – 7 285,9 теңге.
💳 МӘМС жарналарын «Қазпошта» АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады. #мәмсҰлытау
#фсмсҰлытау
@msqory_ulytau
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Бүгін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облысы бойынша филиалы «МСАК көшбасшысы» конкурсын қорытындылады. Тәуелсіздік күніне орайластырылған салтанатты шара Жезқазған медициналық орталығының конференц-залында өтті.
2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қарашасы аралығында өткен облыстық конкурсқа Ұлытау облысы аумағындағы медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 16 медициналық ұйымның 9-ы қатысты. Олар үш ай бойы 5 бағыт бойынша сынға түсті. Атап айтар болсақ, емханаларға шағымдарды азайту, сақтандырылған азаматтардың қатарын көбейту, МӘМС жүйесін танымалдылығын арттыру, Д есепте тұрған пациенттердің шұғыл медициналық көмекке жүгіну көрсеткішін төмендету, пациенттердің оң көзқарасына ие болу міндеті қойылды.
Осы талаптар үдесінен шығып, жеңіске жеткендерді филиал директорының орынбасары Абылайхан Рахымов, Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Бейсембаев және «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Балшекер Ермағамбетова құттықтап, марапаттады.
Конкурстың қорытындысы бойынша Жаңаарқа ауданының көпбейінді орталық ауруханасы Ұлытау облысы бойынша «МСАК көшбасшысы» атанды. Жүлделі ІІ орынды Сәтбаев қаласының емханасы жеңіп алса, ІІІ орынды «Макенбаева» ЖШС еншіледі.
Жиын соңында конкурсқа демеушілік жасаған «SENIM» салалық кәсіподағының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Балшекер Ермағамбетоваға Филиалдың Алғыс хаты тапсырылды.
Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның және Жезқазған жоғары медициналық колледждің өнерпаздары салтанатты шараның шырайын кіргізді.
Диана ОРАЗАЛИНА