- Толығырақ
- Автор: Администрация
Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.
Отбасы күні алғаш рет 1994 жылы аталып өтті.
Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.
«Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп білетін ұлтымыз отбасының тыныштығы мен құндылықтарын бірінші орынға қойған.
Бала тәрбиесіне жіті мән берген. Қазақ танымындағы әке-шеше, аға-ініге, туған-туысқа қатысты мақал-мәтел мен аңыз-әпсананың бәрі де шаңыраққа ұялаған шаттықты сақтауға үндейді.
«Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» деп халқымыз қашан да отбасындағы әр адамның мәртебесін бекітіп, бекемдеп отырған.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
15.05.2024 командалық-штабтық оқу-жаттығулар шеңберінде 15.05.- 16.05 дейін. 2024ж. «Өрт -2024» ШЖҚ КМК «Сәтбаев қаласының емханасы» РҚБ-да облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің және емхананың жауапты тұлғаларының қатысуымен емхана қызметкерлері толыққанды көрініс көрсетті кез келген туындайтын төтенше жағдайларға дайын екенін көрсетті.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
«Облыстық қан орталығы» КМК
Қан доноры🩸 болғысы келетін адамдарды шақырады.
➖18 жастан асқан, салмағы 60 кг-дан асатын, қан тапсыруға қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар донор бола алады.
Қан тапсырғанға дейін 72 сағат бұрын ❌тамақтанудан майлы, қуырылған, ащы тағамдарды, алкагольді сусындарды алып тастау қажет, ⭕сұйықтықты көп ішу және қан тапсыруға демалып келу қажет.
📃Жұмыстан 2 күнге босату туралы анықтамасы және 💰923 теңге көлемінде ақшалай өтемақы беріледі.
➕Донорлар инфекцияларға (АИТВ, мерез, B және С гепатиті) талдау нәтижелерін, қан тобы мен резус фактор қорытындыларын ала алады (құпия форматта).
🪪*Өзіңізбен бірге ЖЕКЕ КУӘЛІГІҢІЗ болсын!!!*
Байланыс телефоны 503033. Донорларға арналған ақпарат www.donorblood.kz сайтында орналастырылған
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Отан қорғаушылар күні – қазақстандықтар үшін ерекше мереке. Бұл біздің батыл да, тәуелсіз, өр тұлғалы ер азаматтарымыздың мейрамы. Сіздердің рухтарыңыз мықты, бойларыңыз күшке, жүректеріңіз Отанға деген сүйіспеншілікке толы. Сіздерге мықты денсаулық, батылдық, күш-қайрат тілейміз! Өмірлеріңіз жеңіл, табысты, жағымды жаңалықтарға толы болсын!
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Сіздердің баға жетпес ерен еңбегіңіз бен зор жауапкершілік әрі жоғары кәсібилікпен атқарған жұмысыңыз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз!
Сіздер аяғы ауыр әйелдер мен босанатын әйелдерге, балалары бар аналарға көмектесіп қана қоймай, жаңа өмірдің келуіне атсалысасыздар.
Сіздердің шебер және мейірімді қолыңыздың арқасында әйелдер ана болып, сәбилер дүниеге келеді.
Күн сайын сіздердің жылы алақаныңызда жаңа өмір, жаңа сәби дүниеге келгені үшін алғысымыз шексіз!
Сіздердің алтын жүрегіңіз әрдайым ризашылық білдіретін пациенттер мен керемет әріптестердің құрметі және сүйіспеншілігіне бөленіп, жұмысыңыз тек қуаныш, бақыт пен өркендеуге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, игі ісіңіңізге табыс, жеке және отбасылық бақыт, бар жақсылық пен жарқын табыс тілейміз!
- Толығырақ
- Автор: Администрация
Всемирный день гигиены рук отмечается ежегодно 5 мая и призван напомнить всему миру о важности правильного мытья рук для поддержания здоровья. Этот день представляет собой возможность обратить внимание на простые, но эффективные методы предотвращения распространения инфекций и болезней.
- Толығырақ
- Автор: Администрация
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Бұл мереке біздің көпұлтты халқымыздың бейбітшілік пен келісімді бейнелейтін тамаша дәстүрлерін жалғастырады.
Сіздерге зор денсаулық, амандық және табыс тілейміз!