+7 (71063) 7-99-66

🔹ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА АДАМ ПАПИЛЛОМАСЫ ВИРУСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛДЫ

23.09.2024 жылдан бастап Ұлытау облысында 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация және 12,13 жастағы қыздарға иммундау басталды. АПВ вакцинасы Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді. Вакцинация екі кезеңде 11 және 11,5 жастағы қыздарға тегін негізде ОДА, емхананың егу кабинеттерінде, дәрігер қарап, тексеруден өткеннен  кейін, ата-анасының жазбаша келісімімен жүргізіледі. Егуден кейін бала вакцинациядан кейінгі реакцияны бақылау үшін медицина мекемесінде 30 минут болады.

🔹Қазіргі уақытта АҚШ-та жасалған "Гардасил" вакцинасы қолданылады — бұл АПВ-ның 4 түрінен қорғайтын 4 валентті вакцина. Бүгінгі күнге облыс бойынша 63 қыз бала егілді.

🔹АПВ вакцинасының қарсы көрсетілімдері кез-келген басқа вакцинациямен бірдей: тоғыз жасқа дейін, вакцинаның кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық, ауыр безгекті жағдай.

🔹Жағымсыз реакциялар бар және бұл құпия ақпарат емес. Тәуекел мен келетін пайда әрқашан бағаланады. Бұл жағдайда пайда тәуекелдерден едәуір асып түседі.

Вакцинаны енгізгеннен кейін, кейбір жағдайларда жергілікті және жалпы реакциялар дамуы мүмкін. Жүргізілген клиникалық зерттеулерге сәйкес, бас ауруы, температураның жоғарылауы, қызару, ісіну, вакцина енгізілген жерде ауырсыну сияқты жағымсыз құбылыстар шамамен 1% жиілікте болады. Сирек жағдайда - бас айналу, жүрек айну, аяқ-қолдың ауыруы, қышу, вакцина енгізілген жерде гематома пайда болуы  орын алады.

🔹Жатыр мойны обырының дамуы әйелдердің АПВ инфекциясына байланысты екендігі ғылыми дәлелденген. Қазақстанда онкопатология құрылымында әйелдер арасында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Бүгінгі таңда иммундау еліміздің халық денсаулығын сақтау саласындағы ұлттық саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

🔹Айта кету керек, АПВ вакцинасы 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанда қолданылады. Бұл вакцинацияны жүргізу Қазақстанда жатыр мойны обырымен сырқаттанушылықты 74,2% - ға төмендетуге мүмкіндік береді.

📌📌📌 Вакцина арқылы қорғануға болатын жалғыз онкологиялық ауру - ол жатыр мойны обыры.