Бірінші қадам — жүктілікпен уақтылы есепке тұру. Қандай мәліметтер тексеріледі және жеңілдетілген мәртебе қалай беріледі? Бейнероликте баяндаймыз.
«Сәтбаев қаласының емханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлері BLS, ACLS, PALS және PHTLS халықаралық бағдарламалары бойынша шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған оқудан өтуде.
👩⚕️ Оқытуды осы бағыттар бойынша халықаралық сертификатталған нұсқаушы Науанова Ардак Сериковна жүргізеді.
Сабақ барысында қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, түрлі жағдайларды талқылап, манекендерде практикалық дағдыларын пысықтауда.
💙 Бұл оқыту медициналық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға, төтенше жағдайларға дайындығын нығайтуға және әр секунд маңызды болған сәтте сенімді әрекет етуге көмектеседі.
Кәсібилік, білім және көмек көрсетуге дайын болу — адам өмірін сақтаудың негізі!
🩺 2026 жылғы 23 қазанда Сәтбаев қаласындағы №25 жалпы білім беретін мектепте жұқпалы аурулардың алдын алу және балалардың денсаулығын сақтау тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу тақырыптары:
🔹 Тұмаудың алдын алу;
🔹 Адам папилломасы вирусы (АПВ) және вакцинация;
🔹 Туберкулездің алдын алу;
🔹 Желшешек: белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары.
👩⚕️ Спикерлер:
- Абылкасымова Калия Аппазовна — дәрігер-эпидемиолог;
- Сәрсенбекқызы Дина — акушерка.
Кездесу барысында ата-аналарға жұқпалы аурулардың алдын алу, вакцинацияның маңыздылығы және балалардың денсаулығын қорғау жолдары туралы пайдалы ақпарат берілді.
💙 Балалардың денсаулығы — ересектердің қамқорлығы мен ортақ жауапкершілігі!
Ұлттық мереке қарсаңында өз ісіне адал, халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. 💙
🏆 Бұл марапаттар — әріптестеріміздің кәсібилігіне, жауапкершілігіне және еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет.
💐 Құрметті әріптестер, баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен береке, еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым бағаланып, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Еліміз тыныш, халқымыз аман, Қазақстанымыз өркендей берсін! Әр шаңырақта қуаныш, бақыт пен бірлік болсын!
Мереке құтты болсын, қымбатты Қазақстан! 🇰🇿💙
🩺 **2026 жылғы 21 қазанда** Сәтбаев қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінде жұқпалы аурулардың алдын алу тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
**Кездесу тақырыптары:**
🔹 Тұмаудың алдын алу;
🔹 Адам папилломасы вирусы (АПВ) және вакцинация;
🔹 Туберкулездің алдын алу;
🔹 Желшешек: белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары.
👩⚕️ **Спикерлер:**
- Абылкасымова Калия Аппазовна — дәрігер-эпидемиолог;
- Сәрсенбекқызы Дина — акушерка.
Кездесу барысында ата-аналарға жұқпалы аурулардың алдын алу, вакцинацияның маңыздылығы және балалардың денсаулығын қорғау шаралары туралы ақпарат берілді.
💙 **Балалардың денсаулығы — баршамызға ортақ жауапкершілік!**
Сүт безі обырына қарсы күрес жөніндегі Дүниежүзілік күнге арналған Ашық есік күні🩷
«Сәтбаев қаласының емханасы» КМК ШЖҚ-да халықтың сүт безі ауруларының алдын алу және оларды ерте анықтау бойынша ақпараттандырылуын арттыруға бағытталған Ашық есік күні өтті.
👩⚕️ Профилактика бөлімі және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі мамандары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрақты профилактикалық тексерулерден өтудің, скринингтен уақтылы өтудің және өз денсаулығына мұқият қараудың маңыздылығы туралы айтып өтті.
🎀 Іс-шара барысында қатысушыларға тұрақты тексеруден өтудің және қандай да бір өзгерістер немесе алаңдататын белгілер байқалған жағдайда медициналық мамандарға уақтылы жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
🩷 Денсаулыққа қамқорлық — өзіңе көңіл бөлу, тұрақты профилактика және медициналық көмекке уақтылы жүгіну.
#СүтБезіОбырынанСақтану #Профилактика
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МӘМС: керек дерек» жаңа айдарын іске қосты. Бөлімже Қор қызметкерлері өзекті сұрақтарға жауап беріп, алгоритмдер мен ережелерді қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіріп отырады.
Алғашқы жазбада ұзақ демалыстан кейін жұмысқа шыққанда МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексерудің маңыздылығы туралы айтамыз.
1 қазан — Халықаралық қарттар күні. 👵👴
Бүгін ШЖҚ КМК «Сәтбаев қаласының емханасында» аға буын өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтті.
👩⚕️ Профилактика бөлімінің мамандары денсаулыққа қамқорлық жасауға, аурулардың алдын алуға және белсенді ұзақ өмір сүруге бағытталған іс-шара өткізді.
Қатысушылар денсаулықты сақтау бойынша пайдалы ақпарат алып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, денсаулығына көңіл бөлуге мүмкіндік алды.
💐 Бұл күн — өмірлік тәжірибесі тарихымыздың маңызды бөлігі болып табылатын жандарға құрмет, алғыс пен қамқорлық білдіруге тамаша мүмкіндік.
❤️ Әр күніңіз қамқорлыққа, жылулыққа, көңіл бөлуге және зор денсаулыққа толы болсын!
#ХалықаралықҚарттарКүні #ДаналықПенМейірімділікМерекесі
Бүгін құлақ, мұрын және тамақ денсаулығына қамқорлық жасайтын, пациенттердің денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға үлес қосатын мамандарды құттықтаймыз!
🩺 **ЛОР дәрігері** келесі ауруларды диагностикалау және емдеумен айналысады:
👂 құлақ және есту мүшелерінің
👃 мұрын және мұрын маңы қуыстарының
👄 тамақ пен көмейдің аурулары.
Оториноларингологтарымызға кәсібилігі, мұқияттылығы және пациенттерге деген қамқорлығы үшін алғыс айтамыз! 🌿
Сіздерге зор денсаулық, алғысы мол пациенттер, жұмыстарыңызға табыс және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз! 💐
**Оториноларингологтар күні құтты болсын!** 💙
#ЛОРКүні #Оториноларинголог #ЛОР #Денсаулық #Медицина