Тіліңізді таңдаңыз

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс
Ашық есік күні — сүт безі обырының алдын алу

Ашық есік күні — сүт безі обырының алдын алу

Сүт безі обырына қарсы күрес жөніндегі Дүниежүзілік күнге арналған Ашық есік күні🩷

«Сәтбаев қаласының емханасы» КМК ШЖҚ-да халықтың сүт безі ауруларының алдын алу және оларды ерте анықтау бойынша ақпараттандырылуын арттыруға бағытталған Ашық есік күні өтті.

👩‍⚕️ Профилактика бөлімі және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі мамандары ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрақты профилактикалық тексерулерден өтудің, скринингтен уақтылы өтудің және өз денсаулығына мұқият қараудың маңыздылығы туралы айтып өтті.

🎀 Іс-шара барысында қатысушыларға тұрақты тексеруден өтудің және қандай да бір өзгерістер немесе алаңдататын белгілер байқалған жағдайда медициналық мамандарға уақтылы жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.

🩷 Денсаулыққа қамқорлық — өзіңе көңіл бөлу, тұрақты профилактика және медициналық көмекке уақтылы жүгіну.

#СүтБезіОбырынанСақтану #Профилактика