Тіліңізді таңдаңыз

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс
Даналық пен мейірімділік мерекесі

Даналық пен мейірімділік мерекесі

1 қазан — Халықаралық қарттар күні. 👵👴

Бүгін ШЖҚ КМК «Сәтбаев қаласының емханасында» аға буын өкілдеріне арналған Ашық есік күні өтті.

👩‍⚕️ Профилактика бөлімінің мамандары денсаулыққа қамқорлық жасауға, аурулардың алдын алуға және белсенді ұзақ өмір сүруге бағытталған іс-шара өткізді.

Қатысушылар денсаулықты сақтау бойынша пайдалы ақпарат алып, мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, денсаулығына көңіл бөлуге мүмкіндік алды.

💐 Бұл күн — өмірлік тәжірибесі тарихымыздың маңызды бөлігі болып табылатын жандарға құрмет, алғыс пен қамқорлық білдіруге тамаша мүмкіндік.

❤️ Әр күніңіз қамқорлыққа, жылулыққа, көңіл бөлуге және зор денсаулыққа толы болсын!

#ХалықаралықҚарттарКүні #ДаналықПенМейірімділікМерекесі