Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан
2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында ߑ簟ﻰ«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ»
Национальная кампания, посвященная Международному дню защиты детей
С 22 мая по 1 июня 2025 года


Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан
2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында ߑ簟ﻰ«ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫ»
Национальная кампания, посвященная Международному дню защиты детей
С 22 мая по 1 июня 2025 года


2025 жылғы 15 мамырда «Репродуктивті денсаулық апталығы» аясында Сатпаев қалалық поликлиникасының Жастар денсаулығы орталығы мамандарының Сатпаев индустриалды колледжіне шығу іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында колледж студенттеріне келесі тақырыптарда дәрістер оқылды:
– «АИТВ/ЖЖБИ-ның алдын алу»
– «Салауатты өмір салты»
Сондай-ақ, ЖЖБИ мен АИТВ бойынша ақпараттық материалдар таратылды.
ПМСП ұйымының холлдарында «Жүктіліктің ерте кезеңін алдын алу» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.




ߒҚұрметті медбикелер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің жұмысыңыз – жоғары кәсібилікті ғана емес, ерекше рухани сезімталдықты да қажет ететін күнделікті мейірім ерліктері.
Сіз ең қиын сәттерде пациенттер үшін қамқоршы періштелерге айналасыз, оларға қамқорлық пен ықыласпен қолдау көрсетесіз және олардың сауығуына үміт артасыз.
Сіздің мерекеңіз емделушілер мен әріптестердің шынайы алғыс сөздеріне толы болсын. Деніңізге саулық, жаныңызға тыныштық, отбасыңызға амандық, игі істеріңізге қуаныш тілейміз.
Құрметпен және жылылықпен,
ШЖҚ КМК «Сәтбаев қаласының емханасы» әкімшілігі.


Құрметті отандастар!
Сіздерді қасиетті де қастерлі мереке — Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
ߕꠐᒱл күн — бейбіт өмір сыйлаған батыр бабаларымыздың ерен ерлігін еске алып, тағзым ететін ерекше күн.
ߌꠐ쐰йданда да, тылда да аянбай еңбек еткен ардагерлерге бас иеміз!
Тыныштығымыз тұрақты, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Ұрпақ жадында – Жеңіс рухы мәңгі сақталады!
Мәңгілік алғыс пен құрметпен – ШЖҚ КМК "Сәтбаев қаласының емханасы".

Емхана ұжымы 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай тыл ардагерлерін үйде құттықтап, азық-түлік пакеттерін табыстап, тамаша шара ұйымдастырды.
Ардагерлерді емхана қызметкерлерінің көрсеткен ілтипаты мен қамқорлығы қатты толқытты.
Бұл шара ардагерлерге деген құрмет пен олардың ерлігін мойындаудың белгісі ғана емес, медицина қызметкерлері мен емделушілер арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
Емхана ұжымы ардагерлерге ерліктері мен жанқиярлықтары үшін, бастарындағы бейбіт аспан және азат елде өмір сүру мүмкіндігі үшін шексіз алғыстарын білдірді.ߌ�줯菦lt;/p>






Бүгін біз жаңа өмірдің бастауында тұратын жандарды — акушерлерді құрметтейміз!
ߓ堐吰лықаралық акушерлер күнін белгілеу туралы идея 1987 жылы ұсынылып, 1992 жылы ресми түрде мойындалды. Қазақстанда бұл күннің де өзіндік маңызы зор — әрбір қуанышты сәбидің дүниеге келуінің артында өз ісіне мұқият, тәжірибелі және адал акушерлер тұр.
ߒࠐᐰрлық акушерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге, күш-қайраттарыңызға және өз ісіңізге деген сүйіспеншіліктеріңізге алғысымыз шексіз!

2002 жылдан бері Еуропа және Орталық Азия өңірін полиомиелиттің эндемиялық таралуынан сақтай отырып, біз балалардың өмірін қорғап, полиомиелитті бүкіл әлемде жоюға көмектесудеміз (#endpolio). Әрбір екпе маңызды.
#вакциналарӘрекетЕтуде
#VaccinesWork #EIW2025


КМК ШЖҚ "Сәтбаев қалалық емханасы" Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасының байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу комиссиясы КМК ШЖҚ "Сәтбаев қалалық емханасы" байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Ұлытау облысы, индекс 101301, Сәтбаев қаласы, Абай көшесі, 5, телефон: 8(71063)35924.
Конкурсты өткізу күні мен орны: 2025 жылдың «4» маусымы, Ұлытау облысы, индекс 101301, Сәтбаев қаласы, Абай көшесі, 5, 3-қабат, 302-кабинет.
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсету.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар:
Жоғары білімінің болуы, сондай-ақ төмендегі талаптардың біріне сай келуі:
Байқау кеңесінің мүшелігіне сайланбайтын тұлғалар:
Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс: Ұлытау облысы, индекс 101301, Сәтбаев қаласы, Абай көшесі, 5, 3-қабат, 302-кабинет.
Құжаттарды қабылдау басталатын күн – конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді басылымда жарияланған күн.
Конкурсты өткізу күні – құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімінен кейінгі күн.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – кандидат) төмендегі құжаттарды комиссияға ұсынады:
Қатысушы қосымша білімін, жұмыс тәжірибесін, кәсіби деңгейін растайтын ақпаратты (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орны басшылығынан ұсыныстар) ұсына алады.
Қатысушы конкурсқа түпнұсқа өтінімді конвертке салып, оның сыртында «Түпнұсқа» деп белгілейді. Конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және мекенжайы көрсетіледі. Кейін конверт сыртқы конвертке салынып, мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
Конверттерді ашу күні мен уақыты: 2025 жылдың «4» маусымы сағат 10:00-де.
Бағалау нәтижелері бойынша конкурс комиссиясы талаптарға сәйкес келетін кандидаттарды іріктеп, бетпе-бет тілдесугешақырылады.

Жатыр мойны обыры – вакцинаның көмегімен алдын алуға болатын ауру.
АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны обырының алдын алуда 90%-дан астам тиімділігін көрсетуде.
Әрбір қыз бала жатыр мойны обыры жоқ жарқын болашаққа лайықты!
#вакциналарӘрекетЕтуде
#VaccinesWork #EIW2025

Бұл – көпұлтты еліміздің басты құндылықтарының бірі – бірлік пен келісімді дәріптейтін ерекше күн. Ұлт пен ұлысқа бөлінбей, татулық пен түсіністікке негізделген қоғам құру – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!


Вакцинация барлық жастағы адамдар үшін маңызды. Ұлттық иммундау бағдарламалары вакциналардың әр түрлі жаста иммундық жүйеге қалай әсер ететінін және қай кезеңде ауыр сырқаттану қаупі жоғары екенін ескереді.
#вакциналарӘрекетЕтуде
#VaccinesWork #EIW2025
Көкжөтел – бұл спазмодикалық жөтел шабуылдарын тудыратын тыныс жолдарының инфекциясы. Көкжөтел әсіресе нәрестелер мен жас балалар үшін қауіпті. АКДС-вакцинасының көмегімен көкжөтелдің алдын алуға болады.
#вакциналарӘрекетЕтуде
#VaccinesWork #EIW2025



