+7 (71063) 7-99-66

❗️Егер қызметкер екі және одан да көп ұйымда жұмыс жасаса, онда "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс жеке тұлға табысының барлық түрлерінің сомасы бойынша есептелуге тиіс және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. 2024 жылы төлемдерді есептеу үшін шекті табыс 10 ЕТЖ немесе 850 000 теңгені құрайды.

🙌🏻 Осылайша, әрбір жұмыс берушіден айына МӘМС үшін аударымдар 25 500 теңгеден (850 000 теңгенің 3%) аспауға тиіс. Ал қызметкердің жарналарын есептеу кезінде барлық жұмыс орындарынан түскен ортақ табысы ескеріледі, яғни бір айдағы жарналар жалпы алғанда 17 000 теңгеден (850 000 теңгенің 2%) аспауы тиіс.
Дұрыс есептеу үшін қызметкер екінші жұмыс орнына бірінші жұмыс орнынан төленген төлемдер туралы анықтама беруі керек.

Мысалы, А ұйымында қызметкер 550 000 теңге, Б ұйымында – 400 000 теңге алады. Оның ортақ табысы 950 000 теңгені құрайды, яғни шекті салық салынатын табыстан жоғары.
Бұл жағдайда бірінші жұмыс беруші 11 мың теңге мөлшерінде жарналарды ұстайды, аударымдар – 16 500 теңге мөлшерінде болады.

Екінші жұмыстағы оның жарналары 6 000 теңгені құрайды т(жарнаның ең жоғары мөлшері 17 000 теңге, өндірілген жарнаны шегергенде 11 000 теңге). Аударымдардың мөлшері 18 000 теңгені құрайды (аударымдарды есептеу үшін кіріс қосылмайды).

Сондай-ақ, азамат жалдамалы жұмысшы болып табылатын және жалақыдан қажетті төлемдер жасайтын, бірақ жеке бизнесі бар және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайлар бар. Мұндай жағдайларда ол негізгі жұмыс орнынан төленетін төлемдерден басқа, Салық кодексі талап еткендей, жеке кәсіпкер ретінде жарналар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуі керек.

IMG-20240216-WA0050.jpg

Медициналық статистикаға сәйкес, әлемде жыл сайын 200 мың бала қатерлі ісікке шалдығады, жыл сайын 100 мыңға жуық адам осы аурудан қазіргі заманғы емдеуге қолжетімділіктің болмауынан қайтыс болады. Соңғы 15 жылда 0-ден 18 жасқа дейінгі науқастардың саны 20% - ға өсті және біртіндеп өсуде. Бұл үрдіс бүкіл әлемде байқалады. Қазақстанда жыл сайын алғаш рет 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады.
Қазіргі жағдайда онкологиялық аурулардан болатын балалар өлімінің пайызы балалар жарақатынан кейін екінші орынға шықты. Көбінесе балалар қан түзетін органдардың қатерлі ісігімен ауырады (лейкоздар, қатерлі лимфомалар, лимфогрануломатоз) — 70%.
Қатерлі ісіктің бүгінде “ересек" түрлері жиі кездеседі — 3%. Педиатрларға баланың қатерлі ісігіне күмәндану әрдайым оңай бола бермейді. Мамандар қалпына келтіру пайызы аурудың ертерек анықталуына байланысты екенін айтады.
Сондықтан, бүкіл әлемде 15 ақпанда дәрігерлер мен ата-аналардың назарын осы мәселеге аударуға, онкологиялық сақтықты дамытуға арналған халықаралық онкологиялық балалар күнін атап өтеді. Балалар онкологиясымен күресудің символы-алтын таспа.
“Мерекелік көңіл-күй мен оптимистік көзқарас аурудың ағымына да оң әсер етеді. Біз балалар мен олардың ата-аналарын жағымсыз ойлардан алшақтатып, олардың көңіл-күйін көтергіміз келеді”,- дейді дәрігерлер.

IMG-20240215-WA0079.jpgInShot_20240215_141957497.jpg

Күн суығанда жіті респираторлық-вирустық инфекциялармен (ЖРВИ), соның ішінде тұмаумен сырқаттанушылықтың саны арта түседі.

Жыл сайын Қазақстанда ЖРВИ-дің 4 миллионға жуық жағдайы тіркеледі.

Бұл инфекциялар көбінесе жөтел және түшкіру кезінде ауа-тамшылы жолмен берілетіндіктен, өте тез арада кеңінен жаппай таралуы мүмкін, олардың қаупі де осы.

Тұмау жеңіл өту мүмкін екеніне қарамастан, ол өте ауыр түрде, айтарлықтай асқынулармен өтіп, әсіресе халықтың осал топтары (егде жастағы адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер және созылмалы аурулары (қант диабеті, жүрек және өкпе аурулары бар адамдар) үшін тіпті өлім-жітімге әкеп соғуы әбден мүмкін.

Ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ екені бәрімізге мәлім.

Сондықтан тұмау маусымына дұрыс дайындалу маңызды.

Алдын алу шаралары біріншіден организмнің өзіндік қорғанысын күшейтуге бағытталуы керек.

Бұл жерде біз спецификалық емес алдын алу шаралары туралы айтып отырмыз.

  • Денені шыңықтыру (мысалы, контрастты душ, бассейн т.б.);
  • Дұрыс тамақтану - яғни дәрумендерге бай жаңа піскен көкөністер мен жемістерді көбірек тұтыну. Сонымен қатар олардың құрамындағы тағамдық талшықтар ішек микрофлорасын жақсартады, бұл организмнің әртүрлі инфекцияларға қарсы тұру қабілетін нығайтады. Бұл да естеріңізде болсын!
  • Дене белсенділігі (күніне кем дегенде 30 мин жаттығу, жаяу жүру)
  • Дұрыс ұйқы (7-8 сағаттан кем емес, сағат 23:00-ге дейін жату, бөлме температурасы 17- 18°С);
  • Иммундық жүйеңіз әлсіреген болса (жиі ауыратын болсаңыз), онда дәрігердің кеңесімен иммунокоррекциялық препараттар (анаферон, интерферон, виферон) және мультидәрумендер қабылдауға болады.

 

Маңызды!

  • Тұмау маусымында ЖРВИ белгілері бар адамдардан алшақ болу
  • Адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту
  • «Респираторлық этикет» сақтау - жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды майлықпен жабу, адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде кию қажет!
  • Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз және дезинфекциялық құралдармен өңдеңіз (себебі тұмау вирустары қол арқылы және ластанған заттардан да беріледі). Қолды дұрыс жуу инфекция жұқтыру каупін 25 % дейін азайтады.
  • Бөлмені жүйелі түрде желдетіп, ылғалды тазалау қажет! Ылғалды ортада тұмау вирусы төзімділігін жоғалтады.
  • Ауырып қалсаңыз және тұмаудың жеңіл белгілері байқалса, үйде болыңыз, көбірек су ішіп, дұрыс тамақтаныңыз!
  • Жағдайыңыз нашарлап, ауру белгілері күшейсе өз бетіңізбен емделмеңіз, антибиотиктер қабылдамаңыз (олар вирустық инфекцияны емдемейді). Медициналық көмек алу үшін дәрігерге жүгінуіңіз қажет.

Бізбен бірге денсаулығыңызды сақтаңыз!

 

 

IMG-20240214-WA0059.jpg

12 ақпан күні №9 балабақшаларында «Қызылшаның алдын алу және иммундау» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиында Сәтбаев қалалық емханасының дәрігер-эпидемиологы Қ.А.Әбілқасымова және жалпы тәжірибелік дәрігер- А.М. Жақсылықова сөз сөйледі. Олар ата-аналарды аталмыш дерттің белгілерімен таныстырып, балаларды осы вирустық дертке қарсы дер кезінде егу қажеттігін айтты. Дәрігерлер ата-аналардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

IMG-20240213-WA0050.jpgIMG-20240213-WA0051.jpgIMG-20240213-WA0052.jpgIMG-20240213-WA0054.jpgIMG-20240213-WA0055.jpgIMG-20240213-WA0056.jpgIMG-20240213-WA0058.jpg

Сәтбаев қаласы емханасының акушер-гинекологы Жангабулова Майра Мукажановнаға

Мен бала көтере алмағаныма 9 жыл болған еді, 2021 жылы үкіметтің берген квотасы арқылы ЭКО жасатқан болатынмын (ЭКО-ны, барлық анализдерді ОСМС арқылы тегін тапсырған болатынмын). Аллаға шүкір бірінші мүмкіндіктен жүкті болып 2022 жылы қызды болдық!
Жазып жаткан себебім мен сияқты қыз келіншектер үміттерін үзбесін деген ниет.
Өз тарапымнан Сәтбаев қаласы емханасының акушер-гинекологы Жангабулова Майра Мукажановнаға алғыс айтқым келеді, ЭКО-ға дайындық кезінде жақсы медициналық қызметін атқарып, жақсы көмек, қолдау көрсетті!

💐💐💐Ізгі ниетпен риза болған пациент

IMG_20240212_082755.jpg

 

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова "Ауа-тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы" қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында 8 ақпаннан бастап маска режимі енгізіледі.

Қаулыға сәйкес Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкенттің денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың персоналы мен келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Өз кезегінде, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент әкімдіктеріне, орталық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға меншік нысанына қарамастан, халық көп жиналатын жерлерде медициналық немесе мата маскаларын пайдалану ұсынылады.

Бұл әуежайлар, теміржол вокзалдары, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктер сияқты қоғамдық орындарға қатысты.

Сондай-ақ, маскаларды қоғамдық көліктің барлық түрлерінде қолдану ұсынылады.

  

FB_IMG_1707704030100.jpg

IMG-20240208-WA0062.jpg

kmfk_mzrk_1707299485014524.jpg

Соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерден дәрігерлерді науқастардың балағаттап жатқаны туралы жаңалықтарды жиі оқып жүрміз. Көп жағдайда қоғам медицина қызметкерлеріне қатысты мұндай әрекеттерді заңға сәйкес жолын кесу қажет жол берілмейтін әрекет ретінде қабылдады.

Медициналық қоғамдастықта жыл сайын медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелері көтеріледі. Бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігі депутаттармен, медициналық қоғамдастықпен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуде.

Біздің азаматтарымызды хабардар ету мақсатында бүгінгі күні медицина қызметкеріне құрметсіздік білдіргені және медицина және фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін норма бар екенін еске салғымыз келеді.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 80-1 – бабына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту - жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

 

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер - жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Айта кетейік, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне:

- қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін заңсыз әрекеттер жасауды талап етуден;

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерін өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан;

- медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдырудан;

- медицина және фармацевтика қызметкерлеріне тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуден көрінген заңсыз араласу - жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.