+7 (71063) 7-99-66

2023 жылдың 23 қарашасында Сәтбаев қаласының емханасы эпидемиолог- дәрігері Абылқасымова А.К. Технологиялық колледж шәкірттерімен кездесіп, “Қызылша дертінің алдын-алу” және “ ЖРВИ” тақырыптары бойынша семинар өткізді.

Қызылша (корь) — ауа тамшылары арқылы жұғатын жедел инфекциялық ауру. Вирус ағзаға тыныс жолдары арқылы еніп, кілегейлі қабатында көбейеді. Одан кейін қан арқылы бүкіл ағзаға тарап, бауырды, тамақ безін, өкпені және сүйек кемігін, яғни жілік майын зақымдайды. Дерт дендеген жағдайда ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, көмекейдің қолқаның, ми қабықтарының қабынуына, бас миының ісінуіне және қандағы тромбоциттар санының азаюына, ауыз уылуына, кератит ауруларына әкеп соқтырады. Дұрыс ем көрсетілмеген жағдайда соңы қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін. Аурудың инкубациялық кезеңі 9-12 күн, кейде 3 аптаға созылады, науқас адамда өмірлік иммунитет қалыптасады. Қызылшамен бір ауырған бала екінші рет ауырмайды.

Толығырақ...  

Вакцинацияланбаған адамдарда қызылшаға деген сезімталдық шамамен 100% құрайды, яғни егер бала немесе ересек адам қызылшаға қарсы егілмеген болса, онда қызылшамен ауырған науқастан жұқпалы кезеңде байланысқа түскен жағдайда, ол 100% жағдайда қызылшаны жұқтырады. Инфекция жұқтырған адам аурудың инкубациялық (жасырын) кезеңінің соңында, тері бөртпелері басталған сәттен бастап 4-5 күн ішінде инфекция көзі боп саналады.

Толығырақ...  

✨Бүгін екі маңызды оқиға біріктірілген ерекше күн: Балалар күні және Педиатр күні.

Толығырақ...  

Толығырақ...  

🚭Электрондық темекі, бу генераторы, вейп - бұл буды ингаляциялау құрылғылары түріндегі электронды темекінің әр түрлі түрлері, оны пайдалану кезінде пайдаланушы ингаляциялайтын аэрозольдерді қалыптастыру үшін қызған сұйықтық буын жұтады.

Толығырақ...  

16 қарашада біздің акушер-гинеколог Жангабулова Майра Мукажановна С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінде «Жасөспірімдердің жүктілігінің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.

Толығырақ...