Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс

2026 жылдан бастап МӘМС бірнеше созылмалы ауруды қамтиды

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар созылмалы ауру түрі МӘМС пакетіне енгізіледі: қант диабеті, сал ауруының балаларға тән түрі, ревматизм, дәнекер тіндердің жүйелік зақымданулары.

МӘМС созылмалы аурулардың басым бөлігін қамтиды, ал әлеуметтік маңызы бар 11 ауру тобы бұрынғыдай ТМККК шеңберінде қаржыландырылады: туберкулез, АИТВ, қатерлі ісіктер, вирустық гепатиттердің созылмалы түрлері мен бауыр циррозы, психикалық бұзылыстар, орфандық аурулар, жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары, орталық жүйке жүйесі демиелинизирлеуші аурулары, эпилепсия, жедел миокард инфаркті (алғашқы 6 ай), инсульт (бір жыл ішінде).

Барлық сақтандырылған азаматтар емді, дәрігер кеңесін және қажетті дәрі-дәрмектерді МӘМС аясында бұрынғыдай тегін алады.

12 миллионнан астам адам жеңілдік санатына кіреді – олар үшін мемлекет төлейді. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап дағдарыстық жағдайдағы шамамен 1 миллион азамат жергілікті атқарушы органдар есебінен сақтандырылатын болады.

Сіз «D» немесе «E» санатына жататыныңызды білу үшін тіркелген емханаңызға жүгініңіз.

Сақтандырылған болыңыз — МӘМС бойынша тегін анализдер, диагностика, дәрігерлер кеңесі, жоспарлы операциялар, емдеу және оңалту қызметтері қолжетімді!

Мәртебені тексеру үшін кез келген ыңғайлы құралды пайдалана аласыз: