Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ДӘРІГЕРІМ

МЕНІҢ СҮЙІКТІ ДӘРІГЕРІМ

Дәрігер – тек мамандық иесі ғана емес, адам жанына шипа сыйлайтын, қиын сәтте қолдау көрсетіп, үміт сыйлайтын жан.

Күн сайын ақ халатты абзал жандар мыңдаған адамның денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп келеді. Олардың кәсібилігі, жанашырлығы мен жауапкершілігі көптеген пациенттердің жүрегінде ерекше орын алады.

«#МеніңСүйіктіДәрігерім» айдары аясында өз дәрігерлеріне алғыс білдірген пациенттердің шынайы пікірлері мен ризашылыққа толы бейнежазбаларын жариялайтын боламыз.

Ақ халатты абзал жандарға деген құрметіміз бен алғысымыз әрдайым биік болсын!

#МеніңСүйіктіДәрігерім #Алғыс #ДәрігергеҚұрмет #ҰлытауОблысыДенсаулықСақтау