Тіліңізді таңдаңыз

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" ШЖҚКМК
Ресми интернет-ресурс
СӘТБАЕВ ЕМХАНАСЫ ЖАҢАРУ ҮСТІНДЕ

СӘТБАЕВ ЕМХАНАСЫ ЖАҢАРУ ҮСТІНДЕ

2010 жылы пайдалануға берілген қалалық емхана ғимаратына осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген болатын. Жылдар бойы ғимараттың шатыры тозып, жауын-шашын кезінде су ағу мәселесі туындаған.

Биыл бұл мәселе түбегейлі шешімін тауып, қалалық емхана толық күрделі жөндеуден өтуде. Қала тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету мақсатында жүзеге асырылып жатқан жоба

Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы арқылы мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылуда.

Жобаның бас мердігері – «Мұнай–Құрылыс» ЖШС. Бүгінде шатырды күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Жалпы құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, бүгінгі таңда жұмыстардың 90 пайызы орындалды.

Жаңартылған емхана тұрғындарға заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Қаладағы денсаулық сақтау саласын дамыту – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Сондықтан жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы тұрақты бақылауда болады.