Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Сәтбаев қаласының емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны Ұлытау облысы, Сатбаев қаласы, Абай көшесі, 5-үй, тендер тәсілімен сатып алуды өткізетіндігі туралы хабарлайды.
1) сатып алынатын тауарлардың толық тізбесі, олардың саны, сомасы, егжей-тегжейлі ерекшелігі және жеткізу мерзімі тендерлік құжаттамада №1 қосымшада көрсетілген.
2) тауар Ұлытау облысының медициналық ұйымдарына, рұқсат қағазына сәйкес жеткізілуі тиіс.
3) Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 04 маусымдағы № 375 қаулысымен бекітілген «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту» Заңының 14-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті өнім жеткізушілер жіберіледі;
4) Тендерлік құжаттама пакетін мына мекенжай бойынша: Ұлытау облысы, Сатпаев қ., Абай к-сі, 5, №301 каб. сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе satclinik.udpn.kz веб-сайтында және Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына 2023 жылғы 03 шілде , сағат 15.00. қоса алған уақытқа дейін өтінім жолдау арқылы алуға болады.
Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 04 шілде сағат 13.00-ге дейін;
5) Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2023 жылғы 04 шілде күні сағат 15.00-де мына мекенжайда ашылады: Ұлытау облысы, Сатпаев қ., Абай к-сі, 5, №301 каб.
Әлеуетті өнім жеткізушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (71063) 3-59-24,3-67-83 телефоны арқылы алуға болады.