+7 (71063) 7-99-66

Созылмалы шаршау синдромы (СШС) – астенияның бір түрі болып табылады. Ол 6 айдан астам уақытқа созылатын жүйкелік және физикалық шаршау жағдайы. Мұндай кезде адам әлсіз болады, ұйқысы бұзылып, есте сақтау мен зейін қою қабілеті нашарлайды, жұмыс қабілеттілігі төмендейді. Синдромның жәй шаршаудан айырмашылығы – тіпті жақсы демалыс пен тыныш ұйқыдан соң да, адам бойында әлсіздік болады.

Бұл дертке бейім адамдар:
•25 пен 50 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер;
•басшылық қызметтегі және еңбекқор адамдар;
•қауіпті кәсіптердің өкілдері;
•созылмалы аурулары бар адамдар.

Пайда болу себептері
Созылмалы шаршау сезімінің пайда болу факторларына мыналар жатады:
•емдеудің радикалды әдістері (хирургиялық араласулар, сәулелену, химиотерапия);
•нашар экологиялық жағдай;
•гиподинамия (аз қозғалыстағы өмір салты);
•дұрыс тамақтанбау (тәтті, ащы немесе тұзды тағамдарды көп мөлшерде тұтыну және т.б.);
•қолайсыз еңбек жағдайларынан, отбасылық ортадан, жоғары жауапкершіліктен және т.б.болатын стресс.

Созылмалы шаршау синдромының пайда болу себептері
Созылмалы физикалық шаршау синдромының пайда болуы иммунитеттің төмендеуімен және жоғары психоэмоционалды жүктемемен тығыз байланысты. Мұны туындататын жағдайлар:
•созылмалы ұйқысыздық;
•дұрыс тамақтанбаудан болатын – дәрумендер, минералдар, ақуыз, май, көмірсулардың жетіспеушілігі;
•тұрақты стресс;
•түрлі аурулар;
•сапалы демалыстың болмауы;
•шамадан тыс жұмыс істеу;
•қолайсыз экологиялық жағдай.