+7 (71063) 7-99-66

Наурыз мейрамына орай "Senim" денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің кәсіптік одағының Ұлытау облысы бойынша филиалы 2025 жылғы 15 наурызда Жезқазған қаласында волейболдан турнир өткізді.

Мәлімделген 5 команда арасында І орынды  - Жаңаарқа аудандық орталық көпсалалы ауруханасының, ІІ орынды – Сәтбаев қаласы ауруханасының, ІІІ орынды – Сәтбаев қаласы емханасының командалары жеңіп алды. Турнир жүлдегерлері грамоталармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды, сондай-ақ қатысушы командаларға жұбаныш сыйлықтары табысталды.

Кәсіподақ ұйымы қолдау көрсеткені үшін, "Республика" партиясының төрағасы Светлана Оңғарбаеваға және турнирдің идеялық шабыттандырушысы - Сәтбаев қаласы емханасының директоры Елдос Мұхамбетшинге алғысын білдірді. 

Турнирге облыстың медициналық ұйымдарының дәрігерлері, медбикелері, техникалық қызметкерлері жиналды. Олардың барлығы денсаулыққа пайдалы уақыт өткізуге, сондай - ақ, ұжымдық рухты нығайтуға шықты.

Осындай мүмкіндік берген "Senim"медицина қызметкерлері кәсіподағына үлкен рахмет💐

FB_IMG_1742195502504.jpgFB_IMG_1742195504409.jpgFB_IMG_1742195506398.jpg