Темекі жыл сайын 7 миллионға жуық адамның өмірін жалмайды. Оның 6 миллионнан астамы темекіні қазір және бұрын тұтынғанддар болса, 890 000-нан өздері темекі шекпесе де түтіні салдарынан ажал құшады. Егер шұғыл шаралар қабылданбаса, 2030 жылға қарай жыл сайынғы өлім саны 8 миллионнан асуы мүмкін.
Темекі шегушілерде темекі жапырақтарында кездесетін никотинге тәуелділік тез қалыптасады. Ал бұл темекіге деген тәуелділікті тудырады.
Адам темекіні тастап, одан бас тартуға тырысқанда оның бойында
– ашуланшақтық;
– зейіннің төмендеуі;
– ұйқы проблемалары;
– тәбеттің жоғарылауы;
– темекіге деген құштарлық сынды белгілер пайда болады.
Никотиннен басқа темекі түтінінде шайыр, радиоактивті полоний, мышьяк, қорғасын, висмут, аммиак, органикалық қышқылдар сияқты бірқатар қауіпті химиялық заттар кездеседі. Бұл заттармен жедел улану жағдайлары іс жүзінде байқалмайды. Өйткені олар денеге баяу, дозаланған түрде еніп, соңында денсаулықтың біртіндеп нашарлауына әкеледі.
Көптеген темекі шегушілер сүзгісі бар темекі шегуді қауіпсіз деп санайды. Бірақ бұл қате түсінік. Егер фильтрлі сүзгілер зиянды заттардан толық қорғауды қамтамасыз етсе, онда олар никотинді өзі сіңіріп, темекі шегудің әсері еш сезілмеуі тиіс еді.
Жеңіл темекі шегушілер оның ағзаға әсер аз деп санайды. Алайда кез келген темекінің зияны бірдей.
Темекі шегушінің өзінен басқа айналасындағылар да зардап шегеді. Олар пассивті темекі шегушілер деп аталады. Ұзақ темекі шегу әртүрлі органдар мен жүйелердің ауруларына ұшыратады Ал темекі шегуді тоқтатқаннан кейін денсаулығыңыз жақсарып, ағзаңыз қалпына келе бастайды.
Біле жүріңіз! Темекі шегу ер адамның өмірін шамамен 12 жылға, ал әйелдің өмірін шамамен 11 жылға қысқартады.
Темекі шегудің алдын алу
- Информация о материале
- Автор: Администрация