+7 (71063) 7-99-66

kmfk_mzrk_1707299485014524.jpg

Соңғы кездері БАҚ пен әлеуметтік желілерден дәрігерлерді науқастардың балағаттап жатқаны туралы жаңалықтарды жиі оқып жүрміз. Көп жағдайда қоғам медицина қызметкерлеріне қатысты мұндай әрекеттерді заңға сәйкес жолын кесу қажет жол берілмейтін әрекет ретінде қабылдады.

Медициналық қоғамдастықта жыл сайын медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелері көтеріледі. Бұл бағытта Денсаулық сақтау министрлігі депутаттармен, медициналық қоғамдастықпен және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізуде.

Біздің азаматтарымызды хабардар ету мақсатында бүгінгі күні медицина қызметкеріне құрметсіздік білдіргені және медицина және фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін норма бар екенін еске салғымыз келеді.

Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 80-1 – бабына сәйкес медицина және фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту - жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

 

Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға - жетпіс, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Осы баптың екінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер - он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер - жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Айта кетейік, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру, сол сияқты олардың кәсіптік қызметіне:

- қылмыстық жауаптылыққа алып келмейтін заңсыз әрекеттер жасауды талап етуден;

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерін өздерінің кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартудан;

- медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдырудан;

- медицина және фармацевтика қызметкерлеріне тауарларды (жұмыстарды) және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген міндеттерді жүктеуден көрінген заңсыз араласу - жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.