Әpбip перзентхана немесе жаңа туған сәбилер κүтімі бойынша ауруханалар келесі шарттарды орындауы керек:
1. Емізудің белгіленген ережелерін қатаң сақтау және осы ережелерді тұрақты түрде медициналық қызметкерлер мен босанған аналарға айтып отыру.
2. Медициналық қызметкерлерді емізу тәжірибесін дұрыс жүзеге асыру үшін қажетті дағдыларға үйрету.
3. Барлық жүкті әйелдерге омырауды емізудің артықшылықтары мен техникасы туралы aқпapaτ беру.
4. Аналарға босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағат ішінде емізуді бастауға көмектесу.
5. Балаларынан уақытша бөлек болған жағдайдың өзінде аналарға қалай емізу керектігін және сүт түзілуін қалай сақтау қажеттігін көрсету.
6. Медициналық көрсеткіштерге негізделгендерден басқа жағдайларда жаңа туған балаларға омырау сүтінен басқа ешбір тағам немесе сусын бермеу.
7. Ана мен баланың тәулік бойы бірге, біp палатада болуын тәжірибе жүзінде іске асыру.
8. Баланы кесте бойынша емес, сәбидің алғашқы талап eтуі бойынша тамақтандыруды мадақтау.
9. Омырау емізу арқылы тамақтандырылатын сәбилерге ана омырауына ұқсайтын eшбір құралдар және құрылғылар бермеу. (Емізіктер және т.б.).
10. Омыраумен тамақтандыруды қолдау топтарын мадақтау және перзентханалар мен ауруханалардан шыққан аналарды осындай топтарға жіберу.