+7 (71063) 7-99-66

⏺Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады және Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда, дүниежүзінің 135 мемлекеттерінде жасалынады.

⏺Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №945 “Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласы дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы” қаулысы бойынша 2024 жылдың күз мезгілінен бастап жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында, 11 жастағы қыз балаларға АПВ-ға қарсы вакцинация жүргізілетін болады.

⏺ АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде қолжетімді.

❗️Вакцинация қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердін қарап тексеруінен кейін ата-аналарының немесе қамқоршыларының

Хабарланған ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.

❗️Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі.

❗️АПВ-ға қарсы вакцина дельта тәрізді иық бұлшықетіне бұлшықет ішіне енгізіледі.

⏺ Қазақстанда 4 валентті вакцина қолданылатын болады, яғни АПВ-ның 4 типінен: 6,11,16,18 қорғайды.

‼️Вакцина құрамында қатерлі ісік жасушасы немесе АПВ-ның ДНК материалы жоқ.

⏺ Вакцина енгізілгеннен кейін, организмде АПВ-на қарсы антидене түзіліп, иммундық жүйенің қорғанысын күшейтеді.

Егер вакцинациялау ерте жастан (11жастан бастап) жүргізілетін болса, АПВ-ның қатерлі ісік тудыратын көптеген типтерінен қорғануға болады.

⏺Вакцинациялаудан кейін ҚАУІПСІЗ ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН АСҚЫНУЛАР: дене температурасының көтерілуі, вакцина салынған дене аймағының ауырсынуы/қызаруы, бас ауруы, шаршағыштық, жүрек айну, буын және бұлшықеттердің ауырсынуы.

❗️ Анафилактикалық шок вакцинациялаудан кейін өте сирек жағдайларда орын алады.

‼️ Жас қыздар арасында естен тану жағдайлары вакцина құрамымен байланысты емес.

‼️‼️‼️АПВ-ға қарсы вакцинация БЕДЕУЛІККЕ АЛЫП КЕЛМЕЙДІ және жүктілік барысындағы АСҚЫНУЛАРДЫ тудырмайды!

Margarida.jpeg