+7 (71063) 7-99-66

Вакцинация үшін қолданылатын АПВ-ға қарсы төрт валентті «Гардасил» вакцинасын ДДҰ ұсынған және сертификаттаған, ол қауіпсіз және тиімді, сараптаманың барлық сатыларынан және Қазақстанда тіркеуден өткен.
АПВ-ға қарсы вакцина аурудың себебі АПВ болып табылатын жатыр мойны обырынан және басқа да онкологиялық аурулардан қорғайды.
Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдер арасында обырдың түрлерінің таралуы бойынша сүт безі обырынан кейінгі екінші орында және фертильді жастағы (25-44 жас) әйелдердің өлімі себебінің жилігі бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр.
Ағымдағы жылдың ақпан айында АПВ-ға қарсы егудің тиімділігі мен аурудың ауыртпалығын ескере отырып, АПВ-ға қарсы вакцина Қазақстанның Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне енгізілді, осылайша біз АПВ-ға қарсы иммундау бағдарламасы жоспарлы негізде енгізілген әлемнің 135 елінің қатарына ендік.

IMG_20241008_141603.jpg