+7 (71063) 7-99-66

Ұлытау облысында 12 тамызда Халықаралық Жастар күнін мерекелеуге орайластырылған "Жастармен бірге" ұлттық жастар онкүндігі аясында іс-шаралар өтуде.
Онкүндік күнтізбесіне сәйкес 5 тамызда Сәтбаев қаласындағы емхананың жастар денсаулық орталығында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
"Денсаулық – зор байлық" ұранымен өткізілген іс-шаралар денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруды, салауатты өмір салтын насихаттауды көздеп, жастар мен жасөспірімдерді денсаулықты нығайту, дене белсенділігін сақтау, жаман әдеттерден аулақ болу, репродуктивті денсаулықтың маңыздылығы, дұрыс тамақтану, контрацепция, скринингтің маңыздылығы және т. б. туралы ақпараттандыруға бағытталды.
ҰОДСБ «Сәтбаев қаласының емханасы» ШЖҚ КМК денсаулық орталығында қалалық ресурстық жастар орталығымен бірлесіп ауқымды іс-шара ұйымдастырылып, жастарға жан - жақты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетілді.
Іс-шаралар барысында тілек білдірушілер түрлі экспресс-сынақтардан өтті, ақпараттық парақшалар, сондай-ақ контрацептивтер таратылды..