Дәрігер - тек мамандық емес. Бұл өмір салты. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Адам дәрігер мамандығын тандағанда, адамдардың өмірін өз мойнына алып, науқастарға қамқорлықпен қарағанда ғана жақсы деңгейге жететіні белгілі. Ал мұндай ізгі ниет қоғамда тек жас ұрпақ алдыңғы буын салған сара жолды жалғастырып, ұрпақтар сабақтастығы жағдайында ған жүзеге аспақ. Біз бүгін «Жас келсе іске» рубрикасы арқылы Ұлытау облысы денсаулық саласында еңбек етіп жатқан жас мамандар жайында әңгіме өрбітпекпіз.
Мекебаева Айдана Салимкзы - бала кезінен дәрігер мамндығын армандаған жан. Туған жері-Ұлытау облысы, Жезқазған қаласында, №7 мектеп-лицейін 2014 жылы бітіріп, Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне оқуға түседі. 2014-2019 жылдары «Жалпы медицина» кафедрасының «бакалавр» мамандығын аяқтап, 2019 жылы «Жалпы тәжірибе дәрігері» кафедрасына интернатураға түседі. Интернатура оқып жүріп, 2019-2020 жылдары Сәтбаев қаласының емханасында медбике қызметін атқарады. 2020-2021 жалдары «Лекерова» отбасылық – дәрігерлік амбулаториясында фельдшер болпы жұмыс атақарады. Ал 2021 жылы интернатураны тәмәмдап, сол жылдан бастап ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫН ТІГІП, Сәтбаев қалалық емханасында жалпы тәжірибе дәрігері болып еңбек жолын бастайды.
Айдана Салимкызы әр науқасқа қамқорлықпен қарап, әрқашан көмектесуге тырысады. Өзіне тапсырылған кез келген жұмысқа жауапкерщілікпен қарайды. Ұжымдастары мен науқастар арасында жастығына қарамастан 2-3 жыл ішінде үлкен құрметке ие болып отыр.
- Мен құшағын жайып қарсы алған туған жеріме, қолдау көрсеткен облыстық денсаулық сақтау басқармасына және Сәтбаев қаласы емханасының әкімшілігі мен ұжымына дән ризамын. Маған қызметтік пәтер ұсында және менің табысты еңбек етуіме барлық жағдайлар жасалған. Туған өлкемнің халқының денсаулығын сақтауға бар білімімді аямай, күш-жігерімді жұмсаймын, - дейді Айдана Салимқызы.
Айдана Салимкызы өзін аз уақыт ішінде жоғары дәрежеде көрсете білген маман ретінде Медицина қызметкерлер күніне орай «Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасынан» Алғыс хатпен марапатталды. Мекебаева Айдана Салимкызы болашақта еліміздің мақтан тұтар белгілі дәрігерлер қатарынан орын алатынына үмітіміз зор!.