+7 (71063) 7-99-66

IMG-20240327-WA0072.jpg

А вирустық гепатиті (АВГ) - А гепатиті вирусынан туындайтын бауырдың жіті қабыну ауруы. Ауру көбінесе жеңіл және орташа түрде өтеді. Кейде ауыр жағдайларда АВГ жіті бауыр жеткіліксіздігімен, өліммен аяқталуы мүмкін (егде жастағы адамдарда).

А гепатитін жұқтыру қаупі сапасыз сумен жабдықтау жағдайында, нашар санитариялық-гигиеналық жағдайда және жеке гигиена қағидаларын сақтамаған жағдайда пайда болады.

Инфекция көзі: вирусты жұқтырған адам

Берілу жолы: фекальды-ауыз арқылы

· ластанған су

· ластанған азық-түлік (көкөніс, жеміс)

· лас қол (науқаспен байланыста болғаннан кейін)

Инкубациялық кезең: 14 күннен 30 күнге дейін, АВГ науқасы симптомдар басталғанға дейін 2 апта бұрын және 1 аптадан кейін жұқпалы болады.

АВГ белгілері:

Жалпы

Типтік (40-50% жағдайда)

· дене температурасының көтерілуі

· бас ауруы

· әлсіздік, солғындық

· тәбеттің жоғалуы

· жүрек айнуы

· құсу

· диарея

· терінің және склераның сарғаюы

· зәрдің қараюы

· нәжістің түсінің өзгеруі

АЛДЫН АЛУ:

Вакцинация:

· 2 жастағы балалар

· инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар

· алдын ала иммундаусыз эндемиялық жоғары аудандарға бармау

Жеке гигиена қағидаларын сақтау:

· тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегеннен кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;

· белгісіз көздерден өңделмеген су ішпеңіз;

· көкөністер мен жемістерді таза ағынды сумен мұқият жуыңыз

· ластанған су айдындарында шомылмаңыз.

Есіңізде болсын! Бұрын вакцинацияланбаған немесе аурумен ауырмаған кез келген адам АВГ жұқтыруы мүмкін. Қарапайым алдын-алу шараларын сақтау бұл аурудан аулақ болуға көмектеседі.