22 желтоқсан күні №22 және №20 балабақшаларында «Қызылшаның алдын алу және иммундау» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиында Сәтбаев қалалық емханасының дәрігер-эпидемиологы Қ.А.Әбілқасымова сөз сөйледі. Олар ата-аналарды аталмыш дерттің белгілерімен таныстырып, балаларды осы вирустық дертке қарсы дер кезінде егу қажеттігін айтты. Дәрігер ата-аналардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.