+7 (71063) 7-99-66

📌Қызылша-жедел жұқпалы ауру.  Ол ауыр асқынулармен қауіпті. Қызылшаны арнайы емдеу жолы жоқ. Қызылша ауруынан тек вакцина алу арқылы ғана  қорғануға болады. Балалардағы қызылшаның алдын алу жоспарлы вакцинация түрінде екі кезеңде (1 және 6 жас аралығында) жүргізіледі. Одан кейін иммунитет ұзақ уақыт сақталады.

💉 Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 6 қарашасынан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ҚКП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап – қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундау (ДМИ) жүргізу басталды.

#қызылша