+7 (71063) 7-99-66

8 желтоқсан күні №12 және №26 балабақшаларында «Қызылшаның алдын алу және иммундау» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиында Сәтбаев қалалық емханасының дәрігер-эпидемиологы Қ.А.Әбілқасымова және жалпы тәжірибелік дәрігер-фельдшер З.Т.Кенжеғозина сөз сөйледі. Олар ата-аналарды аталмыш дерттің белгілерімен таныстырып, балаларды осы вирустық дертке қарсы дер кезінде егу қажеттігін айтты. Дәрігер мен фельдшер ата-аналардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.