+7 (71063) 7-99-66

09 қараша күні мектебімізде 8-11 сынып қыздары арасында "Қыз  тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында қыздар жиналысы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қыз баланың тәрбиесі туралы түсінік, ой қалыптастыру, қыз баланың биологиялық жетілуінің қыз бала өміріне әсері туралы мәлімет беру, тазалық жолдарын түсіндіру. Кездесуге Сәтбаев қаласы қалалық емханасының гинеколог маманы  Жангабулова  Майра Мукажановна, мектеп медбибісі Ишанова Гулбагира Калиевна қатысты. Кездесуде қыз балаларға медицина қызметкерлері қыз баласының жеке бас гигиенасы жайында, салауатты өмір салты жайында ақпараттар берілді. Мектебіміздің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кызданова Маржан Куантаевна мектептің тәртібі мен ережесі, кешкі уақытта қыдырмау, өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті. Қыз баланы тәрбиелеу-ұлтты тәрбиелеу. Қыз балалардың арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.