Бұл оқиға жаһандық акция сипатында. Бұл күні осы аурудың алдын-алу науқаны өткізіледі, ол адамдарға АИТВ-инфекциясын жұқтыру қаупін анықтауға және инфекцияның алдын алуға көмектесу үшін хабардарлықты арттыруға бағытталған.
Біздің әрқайсымыз АИТВ-статусымызды білуге тиіспіз. АИТВ-ға зерттеулер мемлекеттік медициналық мекемелерде, сондай-ақ кез-келген медициналық орталықта, зертханалық диагностика орталығында қол жетімді.
Сондай-ақ аурудың алдын-алу шаралары мен берілу жолдары туралы білу маңызды.
АИТВ берілу жолдары:
🔺қан арқылы (АИТВ жұқтырған қанды құю, зарарсыздандырылмаған құралдар, инъекциялық есірткіні тұтынушылардың шприцтерді бірлесіп пайдалану);
🔺жыныстық жолмен (серіктеспен кез-келген жыныстық қатынас) АИТВ жұқтырған, контрацепцияның тосқауыл құралдарын қолданбай);
🔺анадан балаға (жүктілік кезінде және емізу кезінде).
⠀
АИТВ берілмейді:
🔺құшақтасу, қол алысу, кезінде, сүйгенде;
🔺жалпы ыдыс-аяқ, киім-кешек және тұрмыстық заттарды пайдалану кезінде;
🔺бассейнге, душқа, саунаға және дәретханаға барғанда;
🔺жөтелгенде, түшкіргенде, сондай-ақ көз жасы мен тері арқылы.