РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰРМЕТІНЕ МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ
25 қазан күні Қазақстан халқы ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1990 жылдың 25 қазанында тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданып, Қазақстанның нағыз тәуелсіздігіне апаратын құқықтық бастама болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи күн, азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке болып табылады.
Ал бұл жолдағы жетістіктер біздің әрқайсымыздың елжандылығымыз бен еңбек сүйгіштігімізге тікелей байланысты.
Медицина саласының қызметкерлері де, сөзсіз, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына баға жетпес үлес қосуда.
Біздің кардиолог Ниязбекова Светлана Әбдіқарықызын Денсаулық сақтау саласындағы жоғары кәсібилігі мен еңбегі үшін құттықтаймыз.