+7 (71063) 7-99-66

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПОЛИОМИЕЛИТПЕН КҮРЕС КҮНІ
Жыл сайын 24 қазанда Дүниежүзілік полиомиелитпен күрес күні атап өтіледі.



Полиомиелит — вирустық және өте жұқпалы ауру, ол ауа арқылы, тұрмыстық заттар мен су арқылы берілуі мүмкін. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Полиомиелиттің басты қаупі сол, ол жүйке жүйесін зақымдап, сал ауруына әкеледі. Статистика бойынша, 200 аурудың біреуінде қайтымсыз сал ауруы, көбінесе аяқтың сал ауруы пайда болады. 20-ғасырда бұл инфекция ең қауіпті аурулардың бірі болып саналды, өйткені полиомиелитті емдеудің арнайы және тиімді әдісі жоқ. Полиомиелиттен қорғанудың жалғыз тәсілі — екпе жасатып алдын алу. Полиомиелитке қарсы алғашқы вакциналар тек 20- ғасырдың ортасында жасалды.

Дүниежүзілік полиомиелитпен күрес күнінің күнтізбелік датасы полиомиелитке қарсы белсенді емес вакцинаны ойлап тапқан ғалым Джонас Солктың туған күніне орайластырылған.