Сіздерге Grippol вакцинасы арқылы тұмауға қарсы вакцинацияның басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Тұмау адамның жұқпалы аурулары арасында бірінші орында. Аурудың күшеюі кезеңінде тұмаудан халықтың 40% зардап шегеді. Жыл сайын дүние жүзінде миллиондаған ауыр тұмау жағдайлары тіркеледі. Тұмаудың ауыр асқынулары пневмония, бронхит, синусит және отит болып табылады.
ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ХАЛЫҚТЫҢ БАРЛЫҚ ТОПТАРЫ ҮШІН ҰСЫНЫЛАДЫ, соның ішінде:
Балаларға арналған
🔻Созылмалы аурулары бар адамдарға
🔻Жүкті әйелдерге
🔻Кәсіптік қауіп тобына жататын адамдар (медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, студенттер, көлік қызметінің қызметкерлері).
Бүгінгі таңда вакцинация - бұл аурудан қорғаудың ең қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі.
Сіздерді Сәтбаев қалалық емханасы, екінші қабат, 207 кабинетте екпе алуға шақырамыз. Сағат 08:00-ден 18:30-ға дейін.