2025 жылғы 15 мамырда «Репродуктивті денсаулық апталығы» аясында Сатпаев қалалық поликлиникасының Жастар денсаулығы орталығы мамандарының Сатпаев индустриалды колледжіне шығу іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында колледж студенттеріне келесі тақырыптарда дәрістер оқылды:
– «АИТВ/ЖЖБИ-ның алдын алу»
– «Салауатты өмір салты»
Сондай-ақ, ЖЖБИ мен АИТВ бойынша ақпараттық материалдар таратылды.
ПМСП ұйымының холлдарында «Жүктіліктің ерте кезеңін алдын алу» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді.